Таразда жүргізуші төрт адамды қағып кетті. Зардап шеккендердің екеуі оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов мәлім етті. 15 қыркүйекте Таразда Сейфуллин көшесімен Бауыржан Момышұлы көшесіне қарай келе жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылған.
"Факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Жанат Сүлейменов.