$ 448.89  477.93  4.76

Маңғыстау облысында оннан астам киік жол құрылысшылары қазған шұңқырға түсіп кетті (ВИДЕО)

Видео соңында ауыр техникалардың бірі киіктердің шұңқырдан шығуына ыңғайлы етіп топырақтан жол төсеп беріп, жануарлар түгелімен далаға жіберілді.

Әлеуметтік желіде оннан астам киіктің терең шұңқырға түсіп кеткен видеосы тарады. Видео авторы оқиғаның Маңғсытау облысында болғанын көрсеткен.

Instagram желісіндегі aktauinfo парақшасында жарияланған видеороликте аталған шұңқырдың жол құрылысы үшін салынғаны айтылған. Оған түсіп кеткен киіктер жанталасып, бірін бірі таптай берген. Видео соңында ауыр техникалардың бірі киіктердің шұңқырдан шығуына ыңғайлы етіп топырақтан жол төсеп беріп, жануарлар түгелімен далаға жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары