Қазгидромет қызметі 16 қыркүйектегі ауа райына байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.
Қарағанды облысының оңтүстік-батысынан жел соғады. Күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады деп болжанды. Төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.