Жаңалықтар 16.09.2021 сағат 16:40

Бес адам көз жұмды: Маңғыстау облысында ауыр жол апаты болды

Сондай-ақ, 2011, 2012 және 2019 жылдары туған үш бала Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді.
Бес адам көз жұмды: Маңғыстау облысында ауыр жол апаты болды
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Маңғыстау облысында кісі өліміне әкеліп соқтырған ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

16 қыркүйекте түнде Жетібай ауылына қарай кетіп бара жатқан Lexus LX 470 көлігі Қарақиян ауданының тас жолында аударылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік тізгініндегі 27 жастағы бойжеткен қайтыс болды.

Сонымен қатар, 1966 жылғы жолаушы қайтыс болды.

Үшінші құрбан - Жаңаөзен қаласының 31 жастағы тұрғыны. Оның аяғы ауыр болған. Жүктілік мерзімі - 27 апта. Құрбан болғандардың қалған екеуі 1964 және 1967 жылғы ер адамдар, делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 2011, 2012 және 2019 жылдары туған үш бала Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді.

Зардап шеккендерге краниоцеребральды жабық жарақат, мидың контузиясы, маңдай мен шынтақ сүйектерінің контузиялық жарасы, жабық сынықтар және травматикалық шок диагнозы қойылған. Дәрігерлер екі баланың жағдайын тұрақты ауыр, үшіншісінікі орташа ауыр деп бағалайды, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
2013 жылы туған тағы бір кәмелетке толмаған бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Оның жағдайы ауыр деп бағаланады. Геморрагиялық ми жарақаты, ІІ дәрежелі церебральды кома, ІІ дәрежелі травматикалық шок. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, - деп атап өтті басқармадағылар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар