17.09.2021, 10:20

Қазақстандық 25 жастағы ауыратлет Альберт Линдер қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзі
Жауапкершіліктің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында талай керемет жетістіктерге қол жеткізуге болатынының үлгісі болды.

Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер қайтыс болды. Бұл туралы ААФ баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды vesti.kz.

Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы әрі рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт табандылықтың, жауапкершіліктің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында талай керемет жетістіктерге қол жеткізуге болатынының үлгісі болды.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ұжымы спортшының отбасы мен жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады, делінген федерация сайтындағы қаралы хабарда.