$ 494.87  520.65  4.91

«Неміс әскерлеріне ұқсайды»: Көлсайда Маминнің сапарына дайындық кезінде елес көрінді (ФОТО)

Тылсымға толы фото Жалаңаш пен Ақай Нүсіпбеков ауылының ортасындағы питомник маңында түсірілген көрінеді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алматы облысы Көлсай ауылында белгісіз елес суретке түсіп қалды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын өзінің facebook-парақшасында жазды. Автор Көлсай ауылының тұрғындары ауылға Премьер-минстр келеді деп он күннен бері алашапқын болып жатқанын айта келе, қызықты фотолар жариялаған.

Айтпағым, Үкімет басшысының сапары емес. Астанадан мәртебелі меймандар келе жатыр деп жол жиегіндегі арам шөптерді шауып жүрген ауыл тұрғындары тылсым күшке тап болыпты. Фото-отчет жіберу үшін жұмыс барысын фотоға түсірген. Сол суретке неміс әскерлеріне ұқсайтын елес түсіп қалыпты. Фотошопқа ұқсамайды, - деп жазады ол.

Белгілі болғандай, тылсымға толы фото Жалаңаш пен Ақай Нүсіпбеков ауылының ортасындағы питомник маңында түсірілген көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары