17.09.2021, 17:40

Алматының орталығында 4 қабатты үйдің шатыры жанды

Әзірге жалынның шығу себебі анықталған жоқ.

Бұл туралы қалалық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«17 қыркүйек 15:09-да Алматы қалалық ТЖД күштері жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Медеу ауданы, Назарбаев даңғылы 124 мекен жайы бойынша келді. Онда 4 қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған. Тұрғындар дереу эвакуацияланып, өрт оқпандары берілді, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, өртті сөндіру жұмыстары басталды», - деп жазылған хабарламада.  

Әзірге жалынның шығу себебі анықталған жоқ.