Алматы облысының полиция департаменті қазақстандық ауыр атлетші Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қайғылы фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, "Суицидке итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін 17 қыркүйекке қараған түні қазақстандық ауыр атлетші Альберт Линдердің қайтыс болғаны хабарланған. Ол 25 жаста еді.