17.09.2021, 21:32

Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалады

Фото: ашық дереккөзі
Бұған дейін 17 қыркүйекке қараған түні қазақстандық ауыр атлетші Альберт Линдердің қайтыс болғаны хабарланған.

Алматы облысының полиция департаменті қазақстандық ауыр атлетші Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, "Суицидке итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін 17 қыркүйекке қараған түні қазақстандық ауыр атлетші Альберт Линдердің қайтыс болғаны хабарланған. Ол 25 жаста еді.

Тегтер: қылмыстық іс