Бақытжан Сағынтаев «Достық» метро стансасына Бауыржан Момышұлының атын беруді ұсынды. Бақытжан Сағынтаев Facebook парақшасында Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда резонанс тудырған мәселелерді шешуді ұсынды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.
«Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешуді ұсындым. Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты. «Достық» стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта «Западный» автовокзалы аталуы тиіс стансаға «Қарасай» атауы ұсынылмақ», - деп жазды қала әкімі.