18.09.2021, 18:36

Шымкенттің бас дәрігері: «Әйелің көңілдестеріңді білмесін десең, екпе салдыр»

Фото: ашық дереккөз
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов әлеуметтік желі арқылы әзіл-шынын араластырып, вакцина салудың артықшылығын айтқан.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов ер адамдарды екпе салуға шақырудың тиімді жолын тапты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Позилов мырза әлеуметтік желі арқылы әзіл-шынын араластырып, вакцина салудың артықшылығын айтқан.

"Сізді жансақтау бөліміне жатқызған кезде телефондарыңызды жұбайыңызға береміз. Ол барлық көңілдестеріңізді көреді. Ұсталып қалмас үшін, вакцина салдырыңыз", — деген жазбамен бөліскен. Бірақ артынша оны өшіріп тастапты.

Десе де, оның жазбасын скриндеп үлгергендер бар. Шымкенттік дәрігер жазбасының көшірмесі халық арасына кеңінен таралып жатыр.