Жаңалықтар 18.09.2021 сағат 20:04

Қапшағай маңындағы жарылыс демалушыларды шошытты

Видео Kazachkov offsiade Telegram-арнасында жарияланды.
Қапшағай маңындағы жарылыс демалушыларды шошытты
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қапшағай маңындағы жарылыс демалушыларды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгер Қапшағай су қоймасы маңында болған жарылысты видеоға түсіріп алған. Видео Kazachkov offsiade Telegram-арнасында жарияланды.

"Бір жарылыс болды. Ол жақта әскери бөлімдер, оқ-дәрілер сақталған қоймалар жоқ па еді?", - дейді видео авторы.

 

"2021 жылы 18 қыркүйекте Қапшағай қаласында қиыршық тас карьері аумағында жоспарлы жару жұмыстары жүргізілді, зардап шеккендер жоқ", - деп түсіндірді Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Еске салайық, тамыздың аяғында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шығып, салдарынан анықталмаған заттар жарылғаны хабрланған болатын. 17 адам қаза тапқан еді. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар