Қазақстанның басым бөлігі солтүстік антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді", - деп хабарлады синоптиктер.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман түсіп, жел15-20-ке дейін күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік және орталығында тұман түседі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батыс, батыс және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және орталығында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Мегаполистерде ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +8..+10 °C, түнде +1..+3 °C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Алматыда күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +31..+33 °C, түнде +18..+20 °C.
Шымкентте күн ашық, ауа температурасы күндіз +28..+30 °C, түнде +13..+15 °C болады.