АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария және Жапонияның дәрігерлері бүкіл әлемде балалар тыныс алу жолдарының ауруын тудыратын тыныс алудың синцитиальды вирусын (RSV) жаппай жұқтыра бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы ауруханалардың бірінде балалар жұқпалы аурулары бөлімінің басшысы Рабиа Аганың айтуынша, нәрестелер мен балалардың жаңа вирус жұқтыру жағдайлары сәуірде басталып, қарқынды терапия бөлімдері бірден толып кеткен.
Ғалымдардың пікірінше, коронавирус пандемиясы RSV таралуына әсер еткен және карантин шараларына байланысты балаларда вирусқа қарсы иммунитет дамымай қалған. Сондықтан шектеу шаралары жеңілдегеннен кейін ауру жұқтыру өскен.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарының мәліметі бойынша, балалардың көбі ауруды тұмау сияқты жеңіл өткереді. Бірақ кейбіреулерде бронхиолит, төменгі өкпенің қабынуы пайда болуы мүмкін.