Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, жел соғады, кей жерлерде тұман түседі.
"Оңтүстікте, оңтүстік шығыста, батыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Қалған өңірлерде негізінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, шығыста және орталықта – тұман", - деп хабарлады Қазгидромет.
Өңірлердегі ауа райы
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік шығыста, Павлодар облысында солтүстікте күндіз секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді деп болжануда.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік батыста, солтүстікте, солтүстік шығыста тұман түседі, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстікте, орталықта тұман түседі, күндіз солтүстікте, шығыста жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облысында оңтүстік шығыста, таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында, күндіз Алматы облысында (таулы аймақтарда) жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжанып отыр.
Ақмола мен Қостанай облыстарында солтүстікте жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында найзағай ойнайды.
Түнде Батыс Қазақстан облысында солтүстікте, Ақмола облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, Солтүстік Қазақстанның оңтүстік батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында 3 градусқа дейін үсік жүреді...
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік батысында, батысында, Қарағанды облысының оңтүстік батысында және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында және оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мегаполистердегі ауа райы 20 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы + 8… + 10° C болады. Түнде температура 0 ... + 2° С, топырақ бетінде 3° С дейін үсік жүреді.
Алматыда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді. Күндіз ауа + 23 ... + 25° C дейін жылынады, түнде термометр + 13 ... + 15 ° C дейін төмендейді.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы + 25 ... + 27 ° C болады, түнде + 12 ... + 14 ° C дейін салқындайды.