Жаңалықтар 20.09.2021 сағат 17:40

Степногор қаласында дәмханаға келген тұрғын асқа шашалып көз жұмды

Бір сағат ішінде 103 нөміріне тұрғындардан 13 рет қоңырау түскен. Алайда диспетчермен байланысу мүмкін болмады.
Степногор қаласында дәмханаға келген тұрғын асқа шашалып көз жұмды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Степногор қаласында ер адам тамаққа шашалып қалды. Жедел жәрдем болмағандықтан, куәгерлер өз көлігімен ауруханаға жеткізуге тырысқан. Алайда ер адам жолда көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ер адам асқа шашалып қалған, ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Жедел жәрдем емес, куәгердің жеке көлігінде көз жұмды. Өйткені 15 минут бойы жедел жәрдем қызметіне хабарласу мүмкін болмады. Дәмхана қызметкерлері де, келушілер де қоңырау шалды. Алайда нәтиже болмады", - деп жазды @step_notsleep жергілікті парақшасы.

Кейін телефон көтерген диспетчер қалада жедел жәрдем қызметінде тек бір ғана телефон желісі бар екенін айтты.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

"Сағат 19:58-де 102 нөмірінен қоңырау шалып, дәмханадағылар жедел жәрдемге хабарласа алмай жатқанын айтты. Диспетчер қоңырауды тіркеді, бірақ бригада жолға шыққан жоқ. Өйткені 20:00-де ауруханадан хабарласып ер адамның денесі жеткізілгенін хабарлады", - делінген ақпаратта.

Қалада тәулік бойы істейтін жалғыз диспетчерлік бекет бар.

19:10 - 20:00 аралығында 103 нөміріне 13 рет қоңырау шалынған. Алайда дәмханадан неше рет хабарласқаны нақты белгісіз.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар