Ақбұлақ мөлтекауданындағы үйдің бұрынғы иесі банкке өз жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, несие алған, бірақ қарызын төлей алмаған. Банкпен сот отырыстары 2014 жылдан басталған. Қорытындысында мүлік қаржы ұйымының меншігіне өткен, кейін жеке тұлғаға сатылған, деп жазады Tengrinews.kz.
"Сот кабинеті" сервисіндегі мәлімет бойынша, екі ЖШС банкке несие бойынша міндеттемесін орындамаған. 2014 жылдың желтоқсанында Алмалы аудандық №2 сотының шешімі бойынша Алматы тұрғыны Д.И. мен Д.А.-дан (әйел) банктік екі қарыз бойынша 118,1 миллион теңге сомасында қарыз өндірілген және 3,5 миллион теңге мемлекеттік салық алынған. Жалпы 121,7 миллион теңге.
Д.А. Алматыдағы үйін кепілге қойған. Олар: Бағанашыл ықшамауданындағы жер учаскесі бар тұрғын емес үй-жай мен Ақбұлақ мөлтекауданындағы жер учаскесі бар тұрғын үй, ауданы 224,3 шаршы метр. Екеуі де банкке жазбаша кепілдік берген.
"Д.П. деген борышкерде жер учаскесі бар тұрғын емес үй-жайлар түріндегі мүлік болуына қарамастан, банк 2017 жылғы қарашада соттан жасырып және талапты негіздеу ретінде атқарушылық іс жүргізу аясында Бағаналы ықшамауданында мүлікті сату фактісін көрсетпей, Ақбұлақ мөлтекауданында жылжымайтын мүлікті өндіріп алу үшін сотқа жүгінген", - делінген іс материалдарында.
2018 жылдың қаңтарында сот мүлікті бастапқы құны 29,4 миллион теңгемен сатылымға қойған, алайда 2018 жылдың желтоқсанында сот шешімі күшін жойған. Д.М. сотта Бағанашыл ықшамауданындағы мүлікті сату бойынша сауда заңға томпақ болғанын мәлімдеген.
Сосын сотта 2017 жылы банк Бағанашыл ықшамауданында Д.И. мүлкін сауда-саттыққа шығарғаны белгілі болған және сол банк лот бағасының бағалау құнынан 16-қадамда, яғни 184,6 миллион теңгеден бастап немесе 88,6 миллион теңге айырмашылығымен 96 миллион теңгеге мүлікті сатып алып, сауда-саттықтың жеңімпазы атанған.
Сол 2018 жылы банк Ақбұлақ ықшамауданындағы үйді Т.Н. деген азаматқа 29 миллион теңгеге сатып жіберген. Алайда кейінірек сот сауда-саттық шешімін жойды.
"Өндіріп алушы сот арқылы құны 29 миллион теңгеден сәл жоғары кепіл мүлкін өндіріп алуды және Д.И. отбасын белгілі бір тұрғылықты жерінсіз қалдырып, жалғыз тұрғын үйінен айыруды қалаған. Кез келген жағдайда, өндіріп алушы электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттамаға сүйеніп, іс жүзіндегі және нақты құны 184,6 миллион теңге болатын меншік иесі болады. Тек ол сауда-саттыққа қатысқандықтан, ол үшін оның жартысын төлейді", - деп түсіндірген соттағылар.
2019 жылы сот шешімімен мүлік тағы да банктің меншігіне өткен, өз кезегінде банк меншік құқығын Т.Н.-ға қайтадан берген. 2021 жылдың мамырында Д.И. кезекті сотта жеңіледі. Осылайша сот Д.И-ді де және барлық тұрғынды да үйден шығаруға шешім қабылдаған.
Еске салайық, бүгін, 20 қыркүйекте шамамен сағат 17:00-де Алатау ауданындағы Ақбұлақ мөлтекауданындағы тұрғын үйлердің бірінің 1967 жылғы тұрғыны атыс шығарған. Ол аңшы қаруымен сот орындаушысына, полицияның учаскелік инспекторларына, ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.
Қаза болғандардың ішінде 1982 жылғы майор және 1988 жылғы капитан болған, сонымен қатар сот орындаушысы және дау нысаны болған үйдің жаңа иесі. Алматы ТЖД мәліметінше, департамент қызметкерлері зардап шекпеді.
Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғазған. Бұл қылмысты жасағандар 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Күдіктіні арнайы қызмет өкілдері оқиға орнында қару қолданбай ұстаған, өйткені үйде әйелдер мен балалар болған.