$ 449.3  489.69  4.89

Шымкентте жартылай жалаңаш шенеуніктердің төбелесінен кейін тексеріс басталды (ВИДЕО)

Видеоға қарағанда, жанжалға дейін ер адамдар алкоголь ішкен.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазнетте шымкенттік шенеуніктер төбелесі делінген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Төбелеске қатысушылардың бірі - Шымкенттің бас экологы Оразғали Егембердиев-мыс. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, екінші ер адам - оның қоластындағы қызметкері. 

Желіге ақпаратты журналист Михаил Козачков жариялады. Оның айтуынша, оқиға түнде жеке үйдің ауласында болған. Төбелес сыртқы бақылау камераларына түсіп қалған. Видеоға қарағанда, жанжалға дейін ер адамдар алкоголь ішкен.

Экология министрлігі оқиға бойынша қызметтік тексеріс бастады. Ведомство өкілдері тексеріс аяқталғанша түсінік беруден бас тартып отыр. 

Бұл кадрларды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі де тексермек. "Департаментімізге осы мәселе бойынша ақпарат түсті. Қазір деректер жинап жатырмыз. Әзірге ақпарат бере алмаймыз", - деді Шымкент мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас маманы Қазыбек Ерболат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары