$ 443.85  474.3  4.8

Павлодарда кішкентай қызымен көшеде түнеп жүрген әйел анықталды

Оның тұрып жүрген үйі өртеніп кеткен.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алькогольді асыра пайдаланған ауыл тұрғыны қолындағы үш жасар қызымен бірге баспанасыз далада қалған, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Черноярка ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Аралбаев қараусыз қалған жапсаржай жанындағы әкімшілік учаскені аралау кезінде әйел адамды көрген. 32 жастағы ауыл тұрғыны жерде ұйықтап жатқан, жанында кішкентай қызы болған. Әйел мас күйінде болған.

Оның бір ер адаммен тұрып жатқаны анықталды, бірақ үйі өртеніп кеткен.

«Әйел адам қайда барарын білмей көшеде қалған. Түстен кейін оны ауыл тұрғындары көрген. Олардың айтуынша, әйел үнемі алкогольдік ішімдіктер ішеді, жанында кішкентай қызы болған», - делінген ПД хабарламасында.

Учаскелік полиция қызметкері ана мен баланы Павлодарға жеткізді, ол жерде қыз баланы қарап шыққаннан кейін балалар үйіне орналастырған. Ананың мінез-құлқы Павлодар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралып, жұмысқа орналасуы туралы мәселе шешіледі, сондай-ақ оған қатысты ҚР ӘҚБК 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал дайындалған.

Айта кетейік, 13-19 қыркүйек аралығында облыс аумағында "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Полицейлер 27 кәмелетке толмаған мен балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын 36 ата-ананы анықтап, есепке қойды. Есепте тұрған 158 кәмелетке толмаған және 300 қолайсыз отбасы тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Павлодар