$ 449.3  489.69  4.89

«Әлеуметтік желіде танысқан»: Жамбыл облысында 12 жастағы қыз зорланды

Күдікті мектеп оқушысымен Instagram әлеуметтік желісінде танысқан.

Жамбыл облысы Меркі ауданында 35 жастағы азаматтың 12 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Taraznews.kz сілтеме жасап. 

Күдікті мектеп оқушысымен Instagram әлеуметтік желісінде танысқан.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі облыстық балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны жүгінгені туралы хабарлама түскендігін растады.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізілді. Аталған дерекке қатысты Меркі аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді", – делінген облыстық ПД жауабында.

Аталған факті бойынша Меркі аудандық полиция бөлімі "Зорлау"қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізілді. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп толықтырды ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары