$ 494.87  520.65  4.91

«Орындықпен ұрып, арқанмен қылқындырды»: Футболшыларды жаттықтырушылары ұрып-соққан

Оқиға Өзбекстанның «Сурхан» футбол клубында болды.

Өзбекстандық «Сурхан» футбол клубының бұрынғы ойыншылары жалақыны төлеуді талап еткені үшін таяқ жегенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Басшылық футболшылар Жавохир Есонқұлов пен Акром Ходжаевқа қарызды жарты жыл ішінде өтеуге уәде беріп, оларды кеңсеге шақырған. Бірақ ол жерде футболшыларды команданың жаттықтырушылары күтіп тұрған.

Олар ойыншыларды таяқпен және орындықтармен ұрып-соғып, сонымен қатар арқанмен қылқындырған.

Содан кейін, олар «айғақтардан құтылу үшін» футболшыларға таза футболкалар кигізіп, босатып жіберген.

«Сурханның» басшылығы, әрине, бұл нұсқаны жоққа шығарады, ойыншылар қақтығысты бірінші болып бастады және бұл тек қорғаныс шарасы болды деп мәлімдеді.

Айта кетейік, «Сурхан» жоғарғы лигада ойнайды және аутсайдер команда, ол соңғы – 13 -ші орында және 18 матчта 14 ұпай жинаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#футболшылар