$ 494.87  520.65  4.91

+997: Елімізде жаңа телефон кодын алған соң не өзгереді?

+997 кодын алғаннан кейін де 702 және 705 деген операторлардың кодттары өзгеріссіз қалады.

Елімізде +997 DEF коды енгізілгеннен кейін байланыс операторларының нөмірлері қалай ажыратылмақ? Мәселен 702 немесе 705 деп басталатын абоненттердің кейінгі сандары ұқсас болып жатады. Осы және өзге де сауалдарымызға жауап алмақ үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнар Бөкеевамен байланысқа шықтық.

«Қазақстан +997 кодын алғаннан кейін де 702 және 705 деген операторлардың кодттары өзгеріссіз қалады. Осы кодтар арқылы нөмерді актив немесе билайн екенін анықтауға болады. Яғни ұялы телефон нөмірлері +997 702 (немесе 705) деп басталады», - деп жауап берді.

– Байланыс операторлары тиесілі компанияларға мұндай өзгеріс қандай шығын немесе пайда әкеледі?

– Байланыс операторларының жүйесіндегі радиоэлектрондық жабдықтарына өзгерістер енгізуге тура келеді, сондықтан шығындар болуы ықтимал, бірақ пайдасы да жоқ емес. Мұндай жаңашылдық жаңа қосымша ресурс нөмірлер алуға мүмкіндік беріледі.

– Бүгінге дейін қолданылып келген +7 кодының кедергі болды ма? Себебі +7 коды Ресей мен Қазақстанға ортақ болды ғой.

– + 7 кодының кемшін тұстары кейбір елдер Қазақстанды Ресеймен шатастырып жатады. Қазір шетелден Қазақстан абонентіне қоңырау шалу үшін +7 коды теріледі. Ресей арқылы шықпайды, тікелей Қазақстан абонентіне шығады, себебі Ресей Федерациясымен келісімшарт жасалған, тек +7 коды ғана ортақ қолданылады, ал нөмір ресурстары әр елге бөлек бөлінген.

– Осыған ұқсас DEF кодтарды басқа елдер бізден бұрын алып қойған. Өзбекстан 2015 жылы (+998), Қырғызстан 2012 жылы (+996). Біз неге кеш алып жатырмыз?

– Өзбекстан, Қырғызстан елдері КСРО тараған кезде +998, +996 сияқты жаңа халықаралық кодқа көшті. Ал сол кездегі шешім бойынша Қазақстан +7 аймағында қалды.

– Қазақстанның +997 кодына көшуі үшін қанша қаражат жұмсалады?

– Қазақстанның +997 кодына көшу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, байланыс жүйесіндегі қажетті өзгерістерге тиісті шығындар операторлардың өз есебінен жұмсалады.

Еске салайық, БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#номер