$ 494.87  520.65  4.91

«Нұрбанктің» жаңа иесі кім?

Оның байлығы 810 млн долларға бағаланған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Эльдар Сәрсеновке Нұрбанктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берді.

Бұл туралы Orda.kz Нұрбанктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

– Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының қаулысымен Эльдар Сәрсеновке «Нұрбанк» АҚ ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру мақұлданды. Бұл мәртебе «JP Finance Group» ЖШС-нің 100 пайыздық үлесі және тиісінше, ұсынылған акциялар санының және банктің дауыс беретін акцияларының 87,87 пайызын жанама түрде сатып алу құқығын береді, – делінген хабарламада.

Эльдар Сәрсенов «JP Finance Group» ЖШС-нің нақты үлесін алған сәттен бастап, «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетуі тиіс екені айтылды.

Эльдар Сәрсенов – белгілі кәсіпкер, 2015 жылдан бері Нұрбанктің иесі болған Рашит Сәрсеновтың баласы.

72 жастағы Рашит Сәрсенов Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің ондығына кіреді. Оның байлығы 810 млн долларға бағаланған.

1987-1988 жылдары Рашит Сәрсенов бөлім бастығы, жоғары және орта арнаулы білім министрінің орынбасары қызметін атқарды. 1988-1992 жылдары Қазақстанның халық ағарту министрінің орынбасары болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Банк