$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «креативті квартал» жаңа жобасы іске қосылды

«Almaty Creative Class» онлайн білім беру платформасының іске қосылуы шығармашылық адамдарға өз таланты бойынша ақша табуды үйренуге, жаңа бағыттар мен аралас мамандықтарды ашуға мүмкіндік береді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алматыда «креативті квартал» жаңа жобасы іске қосылды. Бұл туралы Алматы қаласы Креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, «креативті квартал» Алматыда көпфункционалды мәдени және іскерлік кеңістікке айналады.

«Бұл креативті және шығармашыл кәсіпкерлердің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жағдай жасайтын бірегей жоба. Өнер галереялары, сән бюролары, қолөнершілердің базарлары үшін резиденцияларды ұйымдастыру, шеберлік сабақтарын өткізу орындары, шығармашылық индустриялар мен басқа да шығармашылық кеңістіктердің өнімдері мен қызметтерін жарнамалау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда», - деді басқарма басшысы.

Бұл жерде сондай-ақ креативті кәсіпкерлікті қолдау орталығы мен басқа да қызметтер орналастырылады. Ал «Almaty Creative Class» онлайн білім беру платформасының іске қосылуы шығармашылық адамдарға өз таланты бойынша ақша табуды үйренуге, жаңа бағыттар мен аралас мамандықтарды ашуға мүмкіндік береді.

«Мәселен, Алматыда креативті стратегияны іске асыру аясында 2020 жылдың желтоқсанында Алатау ауданында Alatau Creative Hub ашылды. Оған коворкинг алаңы, балаларға арналған 25 тегін шығармашылық үйірме, шеберхана алаңы кіреді. Жыл басынан бері келушілердің жалпы саны 100 мыңнан асты. Музыка өнеріне баса назар аударатын жастардың Medeu Creative Hub орталығын ашу жоспарда, DEPO Evolution Park құрылысы жүріп жатыр, яғни креативті индустриялардың жобаларын іске асыру үшін алаң құрылатын болады», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары