Павлодарда «Нұрлы жол» көпірінде жол апаты болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 22 қыркүйек күні сағат 12.48-де "Нұрлы жол" көпірінен түсетін аумақта "IVEKO" көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың шетінде тұрған "ЗИЛ" маркалы автокөлікке соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ЗИЛ автокөлігі бүйіріне қарай аударылып кетті. "IVEKO" автокөлігінің жүргізушісі мен "ЗИЛ" автокөлігінің жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.