$ 444.32  473.33  4.76

Жамбыл жантүршігерлік жол апаты болып, 6 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Тағы 2 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл облысында ірі жол апаты болып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2021 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының “Алматы-Ташкент” тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталды.

Жол-көлік оқиғасының себебі анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары