Жамбыл облысында ірі жол апаты болып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының “Алматы-Ташкент” тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталды.
Жол-көлік оқиғасының себебі анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.