$ 495.2  522.34  4.94

Головкинге қарсылас болатын «суперчемпион» кім?

DAZN стримингтік қызметі жекпе-жекті мақұлдауға тиіс. Осыдан кейін екі боксшының рингке шығатынын ресми түрде растап, мәлімдеме жасайды.
фото: sputnik.kz
фото: sputnik.kz

Орта салмақтағы IBF мен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA-дің "суперчемпионы" Риота Муратаның арасында жекпе-жек 28 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы танымал спорт журналисті Майк Коппинджер хабарлады.

"Геннадий Головкин мен Риота Мурата орта салмақтағы атақтарды біріктіру бойынша жекпе-жекті 28 желтоқсанда Жапонияның Кобе қаласында өткізуге келісті. Екі жақ ары қарай жұмыс істеу үшін DAZN-ның келісімін күтіп отыр", - деп жазды инсайдер өзінің Twitter парақшасында.
Айта кетері, DAZN стримингтік қызметі жекпе-жекті мақұлдауға тиіс. Осыдан кейін екі боксшының рингке шығатынын ресми түрде растап, мәлімдеме жасайды.

Риота Мурата – жапондық кәсіпқой боксшы. Ол да орта салмақта (72,6 келіге дейін) бокстасып жүр. Биыл WBA тұжырымы бойынша суперчемпион атағына ие болды.

Мурата соңғы рет 2019 жылдың желтоқсан айында рингке шыққан. Сол кезде ол Стивен Батлерді жеңіп, өз белбеуін қорғады. Ал Головкин 2020 жылы желтоқсан айында поляк боксшысы Камила Шереметаны техникалық нокаутпен ұтқан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары