23.09.2021, 23:37

Бас имам мешітке тиесілі төрт көлікті сатып жібергені рас па?

Оны Алтынбек Ұтысханның өзі де айтты.

Атыраудың бас имамы мешіттің мүлкін талан-таражға салды. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат таралып жатыр. Жазбада аймақтың діндары мешітке тиесілі қызметтік пәтерді менсінбей, орталықтан үй жалдап тұратыны айтылған. Сондай-ақ, мешітке тиесілі 4 көлікті сатып жіберген деседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

40 жастағы Алтынбек Ұтысханның аймақ бас имамы қызметіне тағайындалғанына екі жыл болған. Соңғы кезде оған қатысты әлеуметтік желіде жазбалар толып жүр. Имам "Иманғали мешітінің төрт автомашинасы: "Ford Mondeo", "Прадо" джип көлігі, жолаушылар таситын "Газель" және қорабы тентпен жабылған "Газель" сатып жібергені айтылуда.  Бас имамның өзі әкімдік берген джип көлігін мініп жүр екен.  Ал бас имамның өзі қалада жоқ. Денсаулығына байланысты астанаға кетіпті. Ал қызметтік көлігі орнында.

Наиб имамның айтуынша, мешітке тиесілі 4 көліктің  сатылып кеткені рас болып шықты. “Сатты деген көліктер олар әбден тозығы жеткен көліктер. Былтырғы жылы сатылды. 2020 жылы. Барлығы құны 11 млн-дай болды. Былтыр 6 имамымызға қызметтік пәтер дайындағанбыз, солардың шаруашылығына және мешіттерге бейнекамералар орнатылған соларға және ішкі коммуналдық шығындарға сол қаржылар жұмсалды”, – дейді “Иманғали” мешітінің наиб имамы Арман Исаев.

Қаладағы қымбат мөлтекаудандарының бірінен Бас имамға арналып, қызметтік 4 бөлмелі пәтер сатып алынған. 4 көліктің бірінен түскен 9 млн теңгеге өңір кәсіпкерінің бірі ақша қосқан. Оны Алтынбек Ұтысханның өзі де айтты. Айтуынша, бұған дейін орталық мешітке тиесілі қызметтік пәтер болмаған.

“Басқа адам келген кезде бас ауырып жүрмеу керек. Ол өзінің мешіттің қызметтік үйі болу керек. Ол жерде ремонт жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны Алла қаласа құжаттарын көрсете аламын. Бұл жала деп есептеймін. Ол жерде айтылған мәселеге нақты дәлелдермен келтіріп біз айта аламыз. Оның барлығы заңды тұрғыда бар”, – дейді Атыраудың бас имамы Алтынбек Ұтысқан.  Астына мініп жүрген жол толғамайтын көлігін, облыстың бұрынғы әкімі мешітке сыйға тартқанын жеткізді. Бас мүфти бастаған делегацияның Атырау сапарына да, мешіттен бір тиын шығын шықпады,- дейді бас имам.

Жұмсалған 2 млн 400 мың теңгені де аймақ кәсіпкерлері көтеріп алыпты. Әлеуметтің жазбадағы ақпараттарына қатысты мешіт заңгерлері қазір жұмысты бастап кеткен. Олар жалған ақпарат таратқан авторды іздестіріп жатыр. Табылған жағдайда құзырлы органдарға ұсыну, не ұсынбау жағын әлі шешпепті.

Тегтер: Атырау Мешіт