Жаңалықтар 24.09.2021 сағат 07:19

Семей тұрғыны танысының атынан 1 млн теңге несие алған

Тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған, жұмыссыз жергілікті тұрғынды ұстады.
Семей тұрғыны танысының атынан 1 млн теңге несие алған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Семей қаласында танысының атына 1 млн теңге алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға қоңырау шалған азамат өз атына танысының несие рәсімдегенін айтып шағымданды. Белгілі болғандай, жәбірленушінің жеке құжаттарын пайдаланған 24 жастағы ер адам банктердің бірінен 1 млн теңге мөлшерінде несие алған. «Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған, жұмыссыз жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған факті бойынша оған ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, полиция қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан алаяқтық фактілерінің алдын алу шараларына қарамастан, жұрт арасында әлі күнге дейін бейтаныс адамдарға сеніп, аңғалдық танытып жатқандар аз емес. Сондықтан әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды ешкімге жібермеу қажет.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар