Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың "Ashyq" жобасын енгізуге қатысты жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжат Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмін белгілейді, сондай-ақ, өңір бір аймақтан екінші аймаққа ауысқан кезде карантинді қатаңдату және әлсірету ережелерін реттейді.
12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға "Ashyq" қосымшасында, оның ішінде басқа платформаларда ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен, QR-кодты сканирлеу кезенде ерікті түрде тіркеле отырып кіруін қамтамасыз ету", - делінген құжатта.
Сондай-ақ, инфекциялық төсектердің толтырылу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары және төсектердің толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болғанда, тәуекел деңгейі қауіпті аймақта эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда өңір "қоңыр қызыл" аймаққа ауысатыны жазылған.
“Қоңыр қызыл" аймақта кемінде 3 күн болса карантиндік шаралар қатаңдатылады. Күшейтілген карантиндік шаралар "қоңыр қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкенге дейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету "қоңыр қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте болмайды.
"Қоңыр қызыл" аймақтың өңірлерінде:
орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақшада көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Ashyq-қа қатыспайтын, меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;
ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердің, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің 80 пайызы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтауды (вакцинацияланғандарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда);
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) шешімі негізінде демалыс күнгі шектеу шараларын енгізуді қамтамасыз етсін;
"қоңыр қызыл" аймақтың өңірлерінде Ashyq жобасынан тыс: құрылыс жұмыстарын жүргізуге; өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне; байланыссыз қызметтерді көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т. б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне; туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т. б.) қызметіне; қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне; әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, БАҚ, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының қызметіне жол беріледі;
Аталған қаулының 4-қосымшасына сәйкес, "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына: жұмыс күндері – "Ashyq" жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етіледі.
"Осы тармақта көзделген "жасыл мәртебе" болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзне және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды", - делінген құжатта.