$ 494.87  520.65  4.91

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы облысының> солтүстігінде 2 °С үсік сақталады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазгидромет 26 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 қыркүйекте Қостанай облысында> шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде 23-28 м/с.

Алматы облысының> солтүстігінде 2 °С үсік сақталады.

26 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстік аудандарында шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында> солтүстік-батыстан батысқа ауысып жел соғады, күндіз батыста 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан> облысының солтүстік-батысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

26 қыркүйекте Қызылорда облысының> орталығында күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 26 қыркүйекте Маңғыстау облысының> солтүстік-шығысында шанды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

26 қыркүйекте Қарағанды облысында> оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан> қаласында 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында> желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының> оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде шығыстан жел соғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы