Жаңалықтар 26.09.2021 сағат 00:35

Тимур Нұрсейітов әскери қызметшілер арасында Еуропа чемпионын жеңді

Жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Нұрсейітовтің жеңісімен аяқталды.
Тимур Нұрсейітов әскери қызметшілер арасында Еуропа чемпионын жеңді
Фото: vesti.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Мәскеудегі әскери қызметшілер арасындағы бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Baq.kz  Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Тимур Нұрсейітовке жастар арасындағы әлем чемпионы ресейлік Алексей Семыкин қарсы шықты. Жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Нұрсейітовтің жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Тимур Нұрсейітов Қазақстан құрамасына осы турнирде алтын медаль әкелді. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов (49 кг) чемпион болған.

Айта кетсек, «алтынды» Дамир Әбдіқадыр (52 кг) жеңіп алды, бірақ жекпе-жектен кейін комиссия шешімі қайта қаралып, алтын ресейлік боксшының қоржынына кетті. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар