27.09.2021, 09:40

Коронавирустен емделіп жатқан 895 адамның жағдайы ауыр

142 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

27 қыркүйектегі мәлімет бойынша 63 845 адам коронавирус инфекциясынан (55 042 КВИ+ және 8 803 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Олардың ішінде: 11 543 пациент стационарда, 52 302 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 895 адамның жағдайы ауыр, 222 пациенттің жағдайы өте ауыр, 142 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Тегтер: коронавирус