$ 522.49  547.88  5.06

Қазақстан QazVac вакцинасын Сауд Арабиясында өндіруді ұсынды

Бұл ұсыныс Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан-Сауд инвестициялық бизнес-форумында айтылды.

Қазақстан Сауд Арабиясына коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын бірлесіп өндіруді ұсынды. Бұл туралы Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл ұсыныс Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан-Сауд инвестициялық бизнес-форумында айтылды.

"Егер Сауд Арабиясы мүдделі болса, Қазақстан QazVac вакцинасын Сауд Арабиясына жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ оның корольдік аумағында бірлескен өндірісті қарастыруға дайын", - делінген хабарламада.

Сауда министрлігі мәліметінше, Алматы-Джидда бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстер қазанда қайта басталады. Сондай-ақ, қазақстандық тарап жақын арада Сауд Арабиясы азаматтары үшін визасыз режимді қалпына келтіруге ниетті.

Халықаралық сапарларға шектеулерді алып тастау үшін министрлік екпе төлқұжаттарын өзара тануды қолдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары