$ 494.87  520.65  4.91

«Отандастар Қорының» 50 пайыз акциясы Сыртқы істер министрлігіне берілетін болды

Қордың мақсаты – шетелдік және Қазақстанға оралған этникалық қазақтарды қолдау
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Үкімет «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР заңына сәйкес Сыртқы істер министрлігіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 50 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары берілетіні туралы қаулы шығарды.

Құжатқа сәйкес, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Сыртқы істер министрлігімен және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдайды.

Сондай-ақ «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына өзгерістер енгізіледі.

«Отандастар Қорының» мақсаты – шетелдік және Қазақстанға оралған этникалық қазақтарды қолдау.

Қоғамның міндеттері:

шетелдерде тұратын отандастардың және Қазақстанға оралған этникалық қазақтардың бейімделуі мен кірігуі тұрғысында қызмет көрсету;
байланысты қолдау және орнату, отандастарға консультативті-құқықтық, ақпараттық-талдамалы қолдау көрсету үшін үшін отандастардың қоғамдық ұйымдармен, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ақпарат алмасу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары