27.09.2021, 15:20

«Қайыр тілегендей боласың»: Батыс Қазақстанда жүргізушілер наразы боп жатыр

Дизель тапшылығы кезінде баға апта сайын көтеріледі. Осының салдарынан жүк тасымалының құны да өседі. Ол азық-түліктің қымбаттауына әкеліп соғады.

Көлік жүргізушілері Батыс Қазақстан облысында жанар-жағар майдың тапшылығын айтып дабыл қақты, деп жазды "Мой город".

Мұндай жағдайдың орын алғанына бірнеше күн болған. Жанар-жағар май станцияларының басым көпшілігі дизельдік отынды тек талонмен береді.

Көлік жүргізушілерінің айтуынша, оны ақшаға сатып алу мүмкін емес.

"Жылда осы. Күз болса дизельдік отын таппай кетеміз. Осылайша баға да көтеріледі. Амал қанша, бар болса қандай бағаға болсын сатып алуға дайынбыз. Міне, жұма күні Орал қаласынан рейстен келдім. Барлық станцияларды аралап шықтым. Қолма-қол ақшаға сататын тек біреуін таптым", - дейді жүк көлігінің жүргізушісі Арман Сүндетов. Оның айтуынша, дизель тапшылығы кезінде баға апта сайын көтеріледі. Осының салдарынан жүк тасымалының құны да өседі. Ол азық-түліктің қымбаттауына әкеліп соғады.

Тағы бір көлік жүргізуші Мұхтардың айтуынша, ол бірнеше жанар-жағар май станциясынан аз-аздан дизель құйып амалдаған.

"Мен астанаға Украиндан ірімшік тасымалдаймын. Ендігі жүрісім мынау, бишара сияқты. Кәсіпорнымыз үлкен, ал мен әр станцияға барып, қайыр тілегендей жалынуым керек. Бұл дұрыс па енді? Онда бізді мына жағдай шешілгенше демалысқа жіберсін. Бұл сұмдық аяқталғанша жұмыс істемейміз. Қолымызда кәсіпорын берген төлем картасы бар. Мұндай жағдай жиі орын алады," - дейді ол.

 

Тегтер: дизель оты