$ 494.87  520.65  4.91

Жұмысынан айырылғандар жәрдемақыны қалай алады?

82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды.

Биыл 58,8 мың адамға алғаш рет жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 82,6 мың адамға жетті.

"Бұл ретте биыл 58,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды", - делінген хабарламада.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған адамдарға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалады.

Оның мөлшері жоғалған кірістің 40%-ін құрайды.

Әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек:

eGov.kz порталында авторизация жасау;
"Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық бағанды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады).
Бұл қызметті онлайн режимде Электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет болған кезде еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін ұялы телефонға SMS жібереді. Келіскен жағдайда, SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жәрдемақы