27.09.2021, 17:00

Көкшетау мен Қостанайда қар жауды

Фото: ашық дереккөз
Синоптиктер бұған дейін Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын қарға ұласуы мүмкін екенін ескертсе де, алғашқы жауын-шашын Қостанай облысының автокөлік жүргізушілері үшін күтпеген жағдай болды.

27 қыркүйекке қараған түні Қостанай облысы мен Көкшетауда биыл күздегі алғашқы қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктер бұған дейін Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын қарға ұласуы мүмкін екенін ескертсе де, алғашқы жауын-шашын Қостанай облысының автокөлік жүргізушілері үшін күтпеген жағдай болды.

"Бұл видеоны редакцияға Бейімбет Майлин атындағы ауданнан жіберді. Бүгін таңертең онда қар жауған", - деп жазды Қостанай туралы жаңалықтарды Instagram-да. 

Қостанайлықтар да бүгін алғашқы қарды байқаған. Алайда, олардың айтуынша, қаладағы қар тез еріп кеткен.