$ 446.49  475.38  4.79

Футзалшыларды «Әруақ» деп жігерлендірген федарация өкілі күлкіге қарық қылды

Қызығы сол, федерация өкілі «Сендерге ақ жол тілеймін! Аруақ...» деп бастап, соңғы жағында бәйәдеп сөз қолданған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Желіде футбол федерациясына қарасты Қазақстан футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаевтың ұлттық құрама ойыншыларын жігерлендірген видеосы тарады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бүгінде Литвада футзалдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан тарихта алғаш рет ширек финалға жолдама алды. Бүгін Кака жаттықтыратын ұлттық құрама Азияның үздігі Иранмен кездеседі.Егер жеңіске жетіп жатсақ, жартылай финалға өтеді.

Осының алдында Қазақстан 1/8 финалда Тайланд құрамасын 7:0 есебімен ойсырата ұтты. Сол матчтың қарсаңында Қазақстан футбол федерациясының футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, ойыншыларды жігерлендірген. Қызығы сол, федерация өкілі "Сендерге ақ жол тілеймін! Аруақ" деп бастап, соңғы жағында бәйәдеп сөз қолданған.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары