$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстан тарихта алғаш рет футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Енді жартылай финалда Қазақстан Португалиямен кездеседі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Футзалдан Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Бүгін жерлестеріміз ширек финалда Иранды 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ширек финалдың соңғы жұбында Қазақстан мен Иран кездесті. Осыған дейін екі құрама арасындағы 9 матч жолыққан. Соның сегізінде Иран жеңіп, бір ойын тең аяқталған. Бұл жолы да Парсы шығанағынан келген құрама бірінші таймда екі гол соғып, есепте алға шықты.

Қарсылас команданың ойыншылары 8-ші және 15-минутта көзге түсті. Мергендік танытқан Мослем Оладгобад пен Ахмад Эсмаэльпур.

Бірақ үзілістен кейін жағдай өзгерді. Алдымен, 25-минутта Алиреза Самими өз қақпасына байқаусызда бір гол кіргізіп алды. Сосын айып соққысынан кейін шабуылды Арнольд Кнауб сәтті түйіндей білді. Ал 39-минутта Тайнан жеңіс голын соқты. Сөйтіп, Қазақстан тарихта алғаш рет футзалдан әлем чемпионатынына жартылай финалына жолдама алды.

Енді жартылай финалда Қазақстан Португалиямен кездеседі. Бұл ойын 30 қыркүйекте өтеді. Ал екінші жұпта Бразилия мен Аргентина ойнайды.

Иран — Қазақстан — 2:3

Голдар: Оладгобад, 8 (1:0). Эсмаэльпур, 15 (2:0). Самими, 25-автогол (2:1).Кнауб, 29 (2:2). Тайнан, 39 (2:3).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары