28 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 62 662 адам коронавирус инфекциясынан (–53 945 + және 8 717 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 10 849 пациент стационарда, 51 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 868 адамның жағдайы ауыр,
• 218 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 139 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.