$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда 150-ден астам адам КСРО төлқұжатымен жүр

Төлқажат 1974 жылғы үлгіде шығарылған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Шығыс Қазақстан облысында 150-ден астам тұрғын осы күнге дейін КСРО төлқұжатымен жүрген, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Төлқажат 1974 жылғы үлгіде шығарылған. Ал онымен жүрген азаматтар жеке басын куәлігі болмауына байланысты денсаулық сақтау, білім салаларының қызметін пайдаланудан, жәрдемақы мен зейнетақыны рәсімдеуден шектеліп келіпті.

Мамандар мұндай адамдар жұмысқа да орналаса алмайтынын жеткізді. ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиевтің айтуынша, жыл басынан бері құжаттарын уақытында ауыстырмаған 150-ден астам адам ҚР азаматы болып танылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары