$ 494.87  520.65  4.91

«Өліп кетермін деген қорқыныш болған емес» - өрт сөндіруші

Бақыт Тілеуқабыловтың өртке қарсы қызмет cаласында жүргеніне 25 жыл. Ол бұл мамандыққа жүрек қалауымен емес, ағасының ізін ала келгенін өзі де мойындайды, алайда қызметіне деген деген сүйіспеншілік жыл өте пайда болғанын да жасырмайды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Адам өмірін құтқарудың бағасын бағалау қиын шығар. Сондықтан, құтқарушылардың өз еңбегіне лайықты сыйақы алуға құқығы бар екені даусыз. Десе де, әрбір өрт сөндіруші қандай жағдай болса да, қызметіне адал, адам өмірін құтқарамын деген сертіне адал. Skifnews.kz ақпараттық порталы ширек ғасыр осы салада жүрген азаматтың қызметіне қатысты ойын біліп қайтты.

Бақыт Тілеуқабыловтың өртке қарсы қызмет cаласында жүргеніне 25 жыл. Ол бұл мамандыққа жүрек қалауымен емес, ағасының ізін ала келгенін өзі де мойындайды,  алайда қызметіне деген деген сүйіспеншілік жыл өте пайда болғанын да жасырмайды.

«90-шы жылдары, 2000-жылдардың басында кәсіпорындарда жалақы төлеу бойынша кідірістер болып тұратын. Бізде мұндай жағдай ешқашан болған емес. Біз жер үйде үйде тұрамыз, өзгелердегі сияқты коммуналдық қызметтерге ақы төлеу проблемалары болған жоқ. Жалпы жұмыс тұрақты», - дейді Алматы қаласындағы №16 өртке қарсы бөлімнің аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау старшинасы Бақыт Тілеуқабылов.

2000 жылдардың басында Алматының Әуезов ауданында өрт жағдайлары жиі болып тұратын. Тіпті, тәулігіне 10-12 шақырту түсетін. Күн сайын ауданда пәтерлер, жатақханалар, жертөлелер өртеніп жататын. Дені, адами фактор салдарынан.

«Пәтерлерде розеткалар, электр сымдары, қалқандар тұйықталады. Көбінесе адамдар пешті қараусыз қалдырады. Тағы бір себеп-балалардың шалалығы. Балалар үйде жалғыз қалғанда, сіріңке немесе өзге де жанғыш заттармен ойнайды. Өрт шыққан кезде балалар қорқады да шкафтарға тығылады. Көбіне көк түтін арасынан тығылып қалған балаларды  табу қиын, осыдан жазатайым оқиғалар болып жатады», - дейді Бақыт Тілеуқабылов.

Жұмыс барысында өрт сөндірушілер зардап шеккен адамдарды оларға ауа жеткілікті болуы үшін көзге  түскен көрпе, төсеніштерге орап алып шығады.

«Өліп кетермін деген қорқыныш ешқашан болған емес, өрт кезінде сіз бәрін автоматты түрде жасайсыз, содан кейін ғана «менің де өліп кетуім мүмкін еді ғой» деп ойлайсың.  Өрт сөндірушінің жұмысында өзіндік романтика бар. Қоңырау түскен бетте біз бірден жүгіреміз, өйткені біреу бізге мұқтаж екенін білеміз, бізді күтетінін түсінеміз. Мен өзімнің біреуге керек екенінмді жақсы сезінемін және біреудің өмірін сақтай алатыныма сенемін. Егер қайта өмір сүруге мүмкіндік болса, мен өз өмірімді тағы осы мамандыққа арнайтын едім», – дейді ол.

Бақыт Тілеуқабылов қазір 49 жаста, осы жылдың соңында ол зейнетке шығады. ҚР ТЖМ ақпараты бойынша, азаматтық қорғау саласындағы ең қарт қызметкер - 52 жаста болса, ең жасы – небәрі 19-да. Қазақстанда жұмыс істейтін өрт сөндірушілердің орташа жасы – 32 жас.

Негізі өрт сөндірушілердің зейнетке шығуының шекті жасы – 48 жас. Жоғары кәсіптік даярлығы, атқаратын лауазымындағы жұмыс тәжірибесі бар және денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды қызметкерлерге олардың келісімімен қызмет мерзімі бір жылдан бес жылға дейін ұзартылады.

ТЖМ-нің мәліметі бойынша, ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ақшалай қаражаттың 50% -ы есебінен белгіленеді. Онда лауазымдық жалақы және арнаулы атағы бойынша қосымша ақы ескеріледі. Сондай-ақ, қызметте 25 жылдан астам болған әрбір толық еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2% -ға, қызметтен босатылған күні еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін ақшалай қамтылымнан 1%- ға ұлғаяды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары