Сергей Седов ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының аға бапкері қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Федерация құраманың бұрынғы мүшелері бапкерлік штабты айыптау туралы істі тергеу аясында комиссия құрылатынын мәлім етті. Оған сарапшылар мен спорт ардагерлері енді.
Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Тапсир Меңдіхан төраға болатын комиссия ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Сергей Седовті қызметінен шеттету туралы шешім шығарды.
"Тергеу барысында Комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайлар анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, I Халықаралық санаттағы спорт төрешісі Стерликов А.А.; I Халықаралық санаттағы спорт төрешісі Соловьева О.; ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, ҚР спортшылар одағының мүшесі Подобедова С.; ҚР ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Нуралинов А. Д. енді.
Федерация баспасөз қызметі Алматы облыстық полиция департаменті ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғағанын еске салды. Осыған байланысты ҚР ААФ тергеуге қажет барлық қолдауды көрсетуге ниетті екені хабарланды.