$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда марқұмның денесі көрден қазып алынған: полиция түсінік берді

Полицияға шағымды марқұмның туысы түсірген.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Маңғыстау облысы полиция департаменті Ақтауда заңсыз қазылған қабірге байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияға шағымды марқұмның туысы түсірген.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабының ("Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау") 1-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады облыстық ДП баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласының тұрғыны Юрий Коновалов қайтыс болған туысының жерлеу рәсімінен үш сағат өткен соң, жерлеу агенттігі қызметкерлері қабірді қазып, денені алып шығып, басқа зиратқа қайта көмгенін айтқан болатын.

"Жерлеу рәсімін өткізу үшін екі қалалық агенттікке жүгіндім. Агенттіктердің бірінде Мәскеуде тұратын әпкем Ирина Хасанова туысқанымды жаңа зиратқа жерлеуге қала сыртынан жер дайындап қойғанын білгенде, таңғалдым. Әрине, мен келіспедім, өйткені бала қалалық зиратта анасының жанына жерлену керек. Біз әпкеммен жеті жыл бойы сөйлеспедік, не үшін бұлай жасағаны түсініксіз", - деді ол. 

Оның айтуынша, қабірді дайындаудан бас тартқаннан кейін жерлеу үшін арнайы адамдар жалдауға мәжбүр болған. Марқұмның мәйітін мәйітханадан алған Коновалов зиратқа келіп, 2020 жылдың 15 шілдесінде жерлеген. Жерленгеннен шамамен үш сағат өткен соң, зират директоры оған қоңырау шалып, ағасының қабірі қазылғанын айтқан.

Ол Ақтау прокуратурасына арыз жазды. Коноваловтың айтуынша, бұл мәселе ілгерілемеген. Ол күдіктілер жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары