$ 494.87  520.65  4.91

Аймағамбетов «Үздік педагог - 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Барлық жеңімпазды лайықты марапаттарымен құттықтаймын!

Қостанайда білім беру саласындағы маңызды салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Министрдің айтуынша, ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысы белгілі болған. 

"Бүгін Қостанайда білім беру саласындағы маңызды салтанатты іс-шара өтті. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. 

Биыл оныншы рет өтіп жатқан мерейтойлық рәсім Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, аса көрнекті ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты біз іс-шараны ұлы ағартушының туған жерінде өткіземіз деп шешім қабылдадық.  

2020 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Президенттің қолдауының арқасында және осы Заңның қабылдануының нәтижесінде біз мұғалімдердің жалақысын арттырып, педагогтерді өзіне тән емес функциялардан босату бойынша жұмыс жүргіздік. 

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 64 мұғалім «Үздік педагог-2021» атағына ие болды. Педагогтердің әрқайсысы 1000 АЕК көлемінде сертификатпен және «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар ақшалай сыйақылар жергілікті атқарушы органдар тарапынан да бекітілді. Бұл күні 10 педагог «Еңбек ардагері» медалімен және «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды. Педагогика саласының еңбек ардагерлеріне де құрмет көрсетілді. 

Барлық жеңімпазды лайықты марапаттарымен құттықтаймын! Қажырлы еңбектеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын", - деп жазған министр өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары