Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 156 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ 224 адам аталмыш дерттен жазылып кетті. Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 75692 адамды құрады. Қайтыс болғандар саны – 4828. Сондай-ақ 62424 адам аталмыш дерттен жазылып кеткен.