$ 447.4  477.55  4.76

Дмитрий Баландин сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

Бойжеткен романтикалық сәттің кадрларын Instagram парақшасында жариялады.

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баландиннің сүйіктісі - 25 жастағы Кристина Тыныбаева, мәнерлеп жүзумен айналысады. Бойжеткен романтикалық сәттің кадрларын Instagram парақшасында жариялады. 

Дима мен Кристина ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Жұптың әлеуметтік желідегі алғашқы суреті 2016 жылы жарияланған.

Айта кетейік, Дмитрий Баландин жүзуден Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық. Олимп шыңын бағындырған кезде спортшы небәрі 21 жаста еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары