Жаңалықтар 01.10.2021 сағат 21:54

Қазақстандағы Беларусь елшілігіне «бомба қойған» күдікті іздестіріліп жатыр

Қызметкерлердің айтуынша, елшіліктің электронды поштасына белгісіз біреулер хат жолдап, ғимаратта жарылғыш зат бар екенін айтып қорқытқан.
Қазақстандағы Беларусь елшілігіне «бомба қойған» күдікті іздестіріліп жатыр
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшілігінің поштасына белгісіз біреулер хат жолдап, ғимаратқа бомба қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, 1 қазан күні 102 қызметіне Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшілігінен хабар түскен.

Қызметкерлердің айтуынша, елшіліктің электронды поштасына белгісіз біреулер хат жолдап, ғимаратта жарылғыш зат бар екенін айтып қорқытқан.

Қалалық полиция департаментінің күш-жігерімен елшілік түгел қаралды, аталмыш ақпарат расталған жоқ.

Беларусь елшілігінің ғимаратынан қауіпті ештеңе табылмаған.

Аталған факті негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәліні жедел іздестіру шаралары шұғыл қолға алынған.

Қалалық полиция департаменті жарылғыш зат жайында өтірік хабарлама жібергендердің заңмен жазаланатынын еске салады.

«Қала тұрғындарынан себепсіз байбалам салмай, мессенжерде жалған хабарлама таратпауды өтінеміз» деп ескертеді пролиция.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар